Бокс
1 ақпан 2024 09:14

Бірінші раундтағы нокаут! Қазақстандық бұрымды әлем чемпионы атағын жеңіп алды

©instagram.com/angelina_lukas1997

Қазақстандық бұрымды боксшы Ангелина Лукас (6-1-0, 3 КО) Әзірбайжан астанасы Бакуде өткен бокс кешінде өнер көрсетті, деп жазады Vesti.kz.

Қазақстандық боксшының қарсыласы пәкістандық Рома Юсаф (5-1-1, 2 КО) болды. Өте жеңіл салмақтағы жекпе-жек сегіз раундқа есептелген болатын, алайда біріншісінде аяқталды - Лукас қарсыласын нокаутқа түсірді. 

Осылайша, қазақстандық боксшы WIBA тұжырымынша әлем чемпионы атағын жеңіп алды. Бұл белбеуді кезінде бокс аңыздары: Мухаммед Алидің қызы - Лейла Али мен абсолют чемпион Наталья Рагозина иеленген екен.

Бұл Лукастың карьерасындағы алтыншы жеңісі, ал Юсаф алғаш рет жеңіліп отыр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport