Бірінші раундтағы нокаут. Қазақстан халықаралық турнирде Өзбекстаннан асып түсті
Қазақстандық боксшы Санжар Әли-Бегалиев Бакуде өткен әзірбайжандық боксшы Аббас Агаларовты еске алуға арналған жастар арасындағы халықаралық турнирде жеңімпаз атанды, деп жазады Vesti.kz.
Қазақстандық боксшы Санжар Әли-Бегалиев Бакуде өткен әзірбайжандық боксшы Аббас Агаларовты еске алуға арналған жастар арасындағы халықаралық турнирде жеңімпаз атанды, деп жазады Vesti.kz.
75 келі салмақтың финалында Санжар ринг қожайыны Мирджалал Мирагаевпен жұдырықтасты. Бұл жекпе-жек бірініші раундта-ақ аяқталды, қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутқа түсірді.
Ослайша, Санжар алтын жеңіп алды, ал Мирагаев күміс жүлдегер атанды.
Турнир қорытындысы бойынша Қазақстан 16 жүлдемен (4 алтын, 5 күміс, 7 қола) жалпы командалық есепте екінші болды. Бірінші орында ринг қожайындары - Әзірбайжан 22 жүлде (5-4-13).
Бұл жарысқа Әзірбайжан, Ресей, Өзбекстан, Қазақстан, Тәжікстан, Сауд Арабиясы мен Еуропалық бокс конфедерациясынан (EUBC) 97 боксшы қатысты.
Жүлделік есепте алдыңғы бестік мынадай:
1. Әзірбайжан - 22 (5-4-13)
2. Қазақстан - 16 (4-5-7)
3. Тәжікстан - 4 (2-1-1)
4. Өзбекстан -5 (1-2-2)
5. Ресей - 3 (1-1-1).
Жарнама