Қазақстандық боксшы Ертуған Зейнуллинов "Странджа кубогі"-2026 турнирінің 1/8 финалына жолдама алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
65 келіге дейінгі салмақтағы 1/16 финалда қазақстандық боксшы ирландиялық Джейсон Невинмен қолғап түйістірді.
Бірінші раунд 4:1 есебімен қарсыласының пайдасына шешілді. Алайда келесі екі раундта Зейнуллинов жекпе-жек барысын пайдасына бұрып, 3:2 және 5:0 есебімен басым түсті.
Осылай Ертуған төрешілердің бөлек шешімімен жеңіске жетті - 3:1 (28:28, 28:29, 29:28, 29:28, 30:26) және турнирдің келесі кезеңіне өтті.
Жарнама