Бірінші раундта есеңгіретті. Құрама капитаны шаршы алаң қожайынымен айқасты
Қазақстан құрамасының капитаны Асыланбек Шымбергенов Амманда өтіп жатқан Азия біріншілігінің финалында жұдырықтасты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстан құрамасының капитаны Асыланбек Шымбергенов Амманда өтіп жатқан Азия біріншілігінің финалында жұдырықтасты, деп хабарлайды Vesti.kz.
71 келіде жұдырықтасатын Асыланбектің қарсыласы иорданиялық Зеяд Ишайш болды. Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті қазақ боксшыға берді.
Айта кетейік, Шымбергенов шаршы алаң қожайынын бірінші раундта нокдаунға түсірді. Ал үшінші раундта қарсыласты ұстадың деп төреші қазақ боксшыдан бір ұпай шегерді.
Осылайша, Шымбергенов екінші алтынды Қазақстан қоржынына салды. Бірініш алтынды Санжар Тәшкенбай жеңіп алған болатын. Ал Дулат Бекбауов, Сәкен Бибосынов, Серік Теміржанов және Сабырхан Махмұт финалда сүрініп, күміс жүлдегер атанды.
Жарнама