Бірінші раундта есеңгіретті. Әлімханұлы британиялықты нокаутқа түсірді
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы орта салмақта Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBO) тұжырымы бойынша "уақытша" әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы орта салмақта Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBO) тұжырымы бойынша "уақытша" әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өткен жекпе-жек 12 раундқа есептелген болатын.
Бұл айқаста Әлімханұлы бірден қысым жасап, бірінші раундта Дигнумды нокдаунға түсірді. Ал екіншісінде ұлыбританиялық күшті соққыны жіберіп алып, терең нокаутқа түсті.
Орта салмақта WBO әлем чемпионы титулы америкалық - Деметриус Андрадеде (31-0, 19 КО), оны ұйым Әлімханұлымен жұдырықтасуға міндеттеген. Егер америкалық жекпе-жектен бас тартса, Әлімханұлы титулды жекпе-жексіз иеленеді.
Осылайша, Әлімханұлы 12-ші жеңісіне жетіп отыр, оның сегізін мерзімінен бұрын аяқтаған. Ал Дигнум карьерасында алғаш рет жеңіліп отыр.
Жарнама