Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Айбек Оралбай Болгарияда өтіп жатқан Странджа кубогі-2025 турнирінде бірінші жекпе-жегін өткізді, деп жазады Vesti.kz.
Жарыстың 1/8 финалында 92 келіден аса салмақтағы Айбек пәкістандық Абдул Вахаб Тахирмен жұдырықтасты.
Бұл жекпе-жек бірінші раундта тоқтатылып, Айбек техникалық нокаутпен жеңіске жетті.Енді ертең өтетін 1/4 финалда Айбек франциялық Годстим Идемудиямен кездеседі, ол өз кезегінде 1/8 финалда өзбекстандық Арман Махановты жеңді.