Бірінші раундта аяқтады. Қазақстандық боксшы қарсыласын үш рет нокдаунға түсірді

Сурет: ҚБФ

Қазақстандық Назым Қызайбай Дубайдағы Азия чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz.

51 келідегі жартылай финалда Назым Шри-Ланка өкілі Надеки Пушпакумариді жеңді. Жекпе-жек бірінші раундта аяқталды, қазақстандық боксшы қарсыласын үш рет нокдаунға түсірді. Осыдан кейін төреші кездесуді тоқтатты. 

Еске салайық, 27 жастағы боксшы қыз 2014 және 2016 жылдары әлем чемпионы болды. Екі жүлдені де ол 48 келіде иеленген.