Бокс
18 тамыз 11:10

Бірінші раундта. Ауыр салмақтағы боксшылардың айқасы жылдам нокатупен бітті

©instagram.com/queensberrypromotions

Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде аса ауыр салмақтағы британиялық жас жұлдыз Мозес Итаума (13-0, 11 KO) мен оның отандасы Диллиан Уайт (31-4, 21 KO) жұдырықтасты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Айқас он раундқа жоспарланған болатын, алайда бірінші раундта-ақ аяқталды. 20 жастағы Мозес 37 жастағы Уайтты арқанға тіреп тұрып, ауыр соққылар асытна алды. Бұл шабулдан Диллиан есеңгіреп қорғануға да дәрменсіз болып қалды. Осыған байланысты төреші жекпе-жекті тоқтатты.

Осылай жеңіліп көрмеген Итаума карьерасындағы 13-ші жеңісіне жетті, оның он бірі нокаутпен. Ал 31 жеңісі бар Уайт төртінші рет жеңіліс тапты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport