Бокстан Қазақстан құрамасының жаңа капитаны Айбек Оралбай Шымкентте өтіп жатқан Қарақозы Абалдиевті еске алуға арналған турнирде жекпе-жек өткізді.
92 келіден аса салмақтағы 1/8 финалда Айбектің қарсыласы украиналық Кирилл Стоянцев болды. Бұл кездесуде қазақ боксшы бірінші раундта-ақ техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Енді Айбек 2 қазанда өтетін 1/4 финалда түркиялық Айдемир Угурмен жекпе-жек өткізеді.
Айта кетейік, Айбек Париж Олимпиадасынан кейін салмақ категориясын ауыстырды, бұған дейін ол 92 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан.
Сонымен қоса, ол Асыланбек Шымбергеновтің орнына бокстан Қазақстан құрамасының капитаны болды.