Бірінші раундта. 18 жастағы кәсіпқой қарсыласын бір минутта нокаутқа түсірді

©fakty.ua

Лондондағы бокс кешінде ауыр салмақта өнер көрсететін 18 жастағы британиялық Мозес Итаума мен 34 жастағы польшалық Михал Болоз жекпе-жегі өтті, деп жазады Vesti.kz.

Алты раундқа есептелген жекпе-жек біріншісінде-ақ аяқталды. Итаума қарсыласын бір минутта екі рет құлатты, осыдан кейін төреші кездесуді бірден тоқатты. 

Осылайша, жеңілмеген Итаума карьерасында жетінші жеңісіне жетті, оның бесеуі нокаутпен. Болоз болса жетінші рет жеңіліп отыр, сонымен бірге, ол карьерасында бес жекпе-жекте жеңіп, екі рет тең түскен екен.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport