Бокс
5 тамыз 10:29

Бірінші қарсыласын нокаутпен жеңген қазақстандық жүлде үшін айқаста тас-талқан болды

©ҚБФ

Қазақстандық Диана Серікбаева Таиланд астанасында өтіп жатқан бокстан 2025 жылғы жастар арасындағы (U-19 және U-22) Азия чемпионатында ширек финалдық жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде оның қарсыласы Жапониялық Момоко Хасэбэ болды.

Бірінші раунд қорытындысы бойынша барлық төреші есепті жапон боксшысының пайдасына берді – 5:0. Екінші раунд та дәл осы есеппен Хасэбэнің пайдасына аяқталды. Барынша тырысқанына қарамастан, Серікбаева жекпе-жек барысын өзгертіп, үшінші раундта басымдықты қайтара алмады.

Осылайша, қазақстандық боксшы қыз қолаға бір қадам жетпей жарысты аяқтады. Ал Момоко жартылай финалға өтіп отыр.

Айта кетейік, турнирдегі алғашқы айқасында Серікбаева оңтүстік кореялық Ын Джи Кимді нокаутпен жеңген болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport