Индонезияның Джакарта қаласында бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатының финалдық жекпе-жектері басталды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстан құрамасынан алғашқы болып U-19 жас санатында өнер көрсететін Камила Оспанова шаршы алаңға көтерілді.
70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында ол Өзбекстан боксшысы Мафтуна Янгиевамен қолғап түйістірді. Үш раундтың қорытындысы бойынша қазақстандық боксшы төрешілердің бөлек шешімімен жеңіске жетті - 3:2.
Осылайша, Камила Оспанова Азия чемпионы атанды.
19 және 23 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы құрлық біріншілігі 3 шілдеде басталған болатын. Турнир 16 шілдеде мәресіне жетеді.