"Бірінен соң бірін құлатып келеді, дегенмен...". Сарапшы америкалық "Танк" пен қазақстандық нокаутшының айқасы жайлы

Сурет: worldboxingnews

Ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий (15-0, 14 КО) жеңіс сериясын келесі жекпе-жегінде үзіп алуы мүмкін екен. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында бокс туралы жазатын Notifight.com порталының шолушысы Людо Саенс осындай пікір білдірді. 

Еске салайық, 32 жастағы Кособуций мен "Танк" лақапатты 31 жастағы америкалық Джои Давейко (21-8-4, 12 КО) арасындағы WBA International титулы үшін жекпе-жек 21 тамызда Гамбургте өтеді. 

"Жан Кособуцкий - Еуропаның ең мықты проспектерінің бірі. Ол қарсыластарын бірінен соң бірін құлатып келеді. Бірақ бұл жолы қарсылас мықты. Джои - тәжірибелі және қолынан іс келетін боксшы. Ол өте табанды және Жанға қиындық тудырады. Тіпті Кособуцкий жеңіс сериясын осы айқаста үзіп алуы да ықтимал. 

Меніңше, төрешілер қазақстандық боксшыға жеңісті шешіммен береді, алайда, бұл да оңайға соқпайды. Бұл қарсылас деңгейін сапалы көтерудің үлгісі. Бұл өте қызықты айқас болады", - дейді Саенс. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport