"Бірін сабасаң, тағы бесеуі шығады". "Канело" Альварес қалай әлемдегі ең мықты боксшы болып отырғанын айтты

Төрт салмақта әлем чемпионы Сауль "Канело" Альварес (53-1-2, 36 KO) өзіне қарсылас табыламай қалуы мүмкін еместігін айтады, - деп хабарлайды boxingnews24.com.

Мексикалықтың сөзінше, кейінгі жекпе-жегінен соң ол бір аптадан кейін-ақ жаттығуын қайта бастаған. Боксшы осының арқасында биіктен түспей тұр екен. 

"Бокссыз маған өмір жоқ. Жатыға беруім керек. Боксты сүйем, спортзалда болғанды. Бұл өзімді жақсы сезінуімнің негізі. Ал қарсыластар саны арта береді. Мұнда асығыстық жоқ. Біреуін сабасаң болғаны, тағы бесеуі шығады", - дейді боксшы.