Бокс
10 қараша 2021 16:41
 

Британияның бас промоутері "Канелоның" маңызды айқасы кіммен болатынын айтты

  Пікірлер

blog.share

Британияның бас промоутері "Канелоның" маңызды айқасы кіммен болатынын айтты https://vringe.com/ ©

Ұлыбританияның бас промоутерлерінің бірі Эдди Хирн (Matchroom) мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (57-1-2, 39 КО) мансабындағы келесі маңызды кездесу кіммен болатынын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі vRINGe.com сайтына сілтеме жасай отырып.

blog.share

Ұлыбританияның бас промоутерлерінің бірі Эдди Хирн (Matchroom) мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (57-1-2, 39 КО) мансабындағы келесі маңызды кездесу кіммен болатынын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі vRINGe.com сайтына сілтеме жасай отырып.

Хирн өткен аптада АҚШ-тың Лас-Вегас (Невада штаты) қаласында өткен бокс кешінде қонақ болып, "Канелоның" өнерін тамашалап, оның алдағы кездесулеріне болжам жасады. Промоутердің ойынша, мексикалықтың мансабындағы келесі маңызды кездесу орта салмақтағы (72,6 келіге дейін) IBF чемпионы қазақстандық Генадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) трилогия болмақ.  

Меніңше "Канело" үшін ең басты жекпе-жек - GGG-мен үшінші кездесу. Бірақ қазір Альварес не жасағысы келсе де, таңдау өзінде тұрған кез. Ол өзінің абсолют статусын сақтап қалса да, 79,4 келіге көтеріліп Биволмен кездесу өткізсе де болады. 

Айта кетейік, 31 жастағы мексикалық Сауль "Канело" Альварес 7 қарашада Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) MGM Grand аренасында 29 жастағы америкалық Калеб Плантпен жекпе-жекте жеңіске жетіп, бокстан супер орта салмақтағы абсолют чемпион атанды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!