Британиялық бокс шолушысы Тейлор О'Хиггинс Қазақстан және Өзбекстан боксшыларының World Boxing Нью-Делиде (Үндістан) өткізген 2025 жылғы Әлем кубогінің финалдық кезеңіндегі өнеріне пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстан құрамасы турнирге 13 боксшы апарды - сегізі ерлер санатында және бес бұрымды. Команда бір алтын, бір күміс және алты қола жеңіп алды.
Өзбекстан құрамасы 15 спортшыдан тұрды - тоғыз ер және алты бұрымды. Нәтижесінде команда 13 жүлде иеленді: төрт алтын, бес күміс және төрт қола.
"Өзбекстан мен Қазақстан бокстан Әлем кубогінің финалында жүлделік есеп кестесінің жоғарғы бөлігінде тұруы, әрі бұл нәтижеге екінші құраммен жетуі - олардың басқа елдерден қаншалықты алда екенін көрсетеді. Құрамдарының тереңдігі өте керемет", - деп жазды сарапшы.
Жүлделік есеп жеңімпазы Үндістан командасы болды - тоғыз алтын, алты күміс және бес қола. Жалпы, бұл турнирде 13 елдің өкілдері бақ сынады.