Британиялық сарапшы Қазақстан құрамасындағы біртуар талантты атады
Бокс шолушысы, британиялық Тейлор О’Хиггинс Ташкентте өткен ӘЧ-де алтын жеңіп алған Санжар Тәшкенбайға үлкен баға берді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бокс шолушысы, британиялық Тейлор О’Хиггинс Ташкентте өткен ӘЧ-де алтын жеңіп алған Санжар Тәшкенбайға үлкен баға берді, деп хабарлайды Vesti.kz.
"48 келіде 20 жастағы қазақстандық Санжар Тәшкенбай Ташкенттегі турнирде Еуропа чемпионы, грузиялық Сахил Алахвердовиді анық басымдықпен жеңіп, әлем чемпионы атанды. Тәшкенбай лайықты мақтауын алмайтыны өкінішті, әзірге ол жеңіл салмақта. Бұл жігіт - біртуар талант. Оның аяқпен жұмыс жасай отырып ұратын хугы қазіргі таңда әуесқой бокстағы ең мықты соққы болуы мүмкін", - деп жазыпты сарапшы твиттер желісінде.
19 жастағы Санжар Тәшкенбай - Азия чемпионы. Ал былтыр жастар арасында әлем біріншілігінде жеңімпаз атанған.
Жарнама