Британиялық нокаутшымен айқас үшін Әлімханұлына миллион доллар ұсынған

©instagram.com/janibek_alimkhanuly

Орта салмақта WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлына (15-0, 10 КО) жеңілмеген британиялық Хамза Ширазбен (20-0, 16 КО) гонорары мол жекпе-жек ұсынылған екен.  

Америкалық инсайдер Джек Донованның сөзінше, Жәнібекке Лондондағы "Уэмбли" стадионындағы осы айқас үшін миллион доллардан асатын сомма ұсыныпты. Алайда Әлімханұлының командасы бас тартқан көрінеді. 

Сонымен бірге, журналист Кевин Айоланың айтуынша, Жәнібекке қазіргі жаңазеландиялық міндетті қарсыласымен жекпе-жек үшін 1,5 миллион доллар ұсынғанда чемпион одан да бас тартыпты. 

"Жәнібекке Андрей Михайловичпен айқас үшін 1,5 миллион доллар ұсынған болатын. Ол бас тартты. Сосын жекпе-жек промоутерлік саудаға қойылып, 351 000 долларға өтті де кетті", - деп жазыпты Айола. 

Осылайша, енді Жәнібек алдағы жекпе-жегі үшін 228 150 доллар алады, бұл жалпы сомманың 65 пайызы, қалған 35 пайызы (122 850 доллар) Михайловичке тиесілі. Демек қазақстандық боксшы шамамаен 1 271 850 доллардан қағылып отыр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар