Жеңіліп көрмеген британиялық боксшы Хамза Шираз (19-0, 15 нокаут) орта салмақта WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жек өткізуге қатысты ойын айтты, деп жазады Vesti.kz.
"Онымен рингте бірнеше рет болғанбыз. Біздің көз арбасу - ол камера алдындағы әзіл. Мен оның көзіне, ол менің көзіме қарады. Біз болашақты көрдік!
Бір-бірімізге құрметпен қараймыз. Егер командаларымыз келісе алса, екеуіміз де бізді алда тамаша жекпе-жек күтіп тұр деп ойлаймыз", - дейді Шираз.