Британиялық журналист әрі сарапшы Қанат Исламды жақтап шықты

Сурет: Vesti.kz©
Бокс әлемінің британиялық сарапшысы Майкл Бенсон Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында қазақстандық Қанат Исламның (27-0, 21 КО) орта салмақтағы WBO International белбеуін намибиялық Уолтер Каутондокваға (18-2, 17 КО) қарсы сәтті қорғауына қатысты пікір білдірді. 

"Ислам қолының жарақтына байланысты жекпе-жекті өз жоспарындай аяқтай алмады деген ой бар. Кездесу ортасында бірдеңе күрт өзгергені байқалды. Ол шабуылдауын сап тыйды. Бастапқыда алға жүріп, басым болған. Тіпті қарсыласын нокдаунға да түсірді, бірақ, кейін тоқтап қалды. Жарақат қиындық туғызған болар. Жекпе-жек теңдей болды, алайда, төрешілердің баға беруі таңдандырды. Ислам жеңгенімен, өте аз ұпаймен басым болды", - дейді Бенсон.