Британиялық боксшы Әлімханұлының осалдығын "әшкерлеп" тастады - БАҚ

©boxingnews24.com

Спорт туралы жазатын америкалық Badlefthook.com порталы орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жектен кейін Дензел Бентлиді мақтады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Британилық боксшы жеңілгеніне қарамастан, қазақстандық боксшының осал тұстарын ашып кетіпті. 

"Бентли Ұлыбританияға ұялмай қайта алады және осы айқастағы өнері үшін мақтануына болады. Оның жұдырықтасуы Жәнібектің өнерін біраз "әшкерлеп" тастады. Осыдан кейін қазақстандық залға оралып, кейбір өзгерістер енгізуге мәжбүр. Әлімханұлы жекпе-жекте не істегелі тұрғаны білініп қалатын болыпты, осы үшін Бентли бәсекелестік көрсетті, басымдығын пайдаланып, жекпе-жекті нағыз айқасқа айналдырды. Жәнібек ауыр соққы жасағанда да шыдап берді және өзі де соққыны аз жасаған жоқ", - деп жазыпты басылым. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар