Британия чемпионы Жәнібекті жекпе-жекке шақырды

© Depositphotos

BBBofC тұжырымы бойынша орта салмақта Ұлыбритания чемпионы Нэтан Хини (18-0, 6 КО) осы дивизионда WBO және IBF титулдарына ие қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен (15-0, 10 КО) айқас өткізбек, деп жазады Vesti.kz.

"Кейінгі бір жылда Жәнібек бәрін жекпе-жекке шақырды. Онымен ешкім айқасқысы келмейді. Ол ірі солақай, IBF және WBO чемпионы. Мен оны жекпе-жекке шақырып: "Тыңда, сен Стоуктағы жаңбырлы да суық түнде айқасар ма едің" десем, ол келісетін шығар", - дейді Хини Queensberry Promotions компаниясына сөзінде. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport