Бокс
20 сәуір 2020 11:40

"Бірден ұнатпадым, ашық айтқанмын". Головкиннің бапкері GGG-дің соңғы жекпе-жегіне қатты қынжылды

Сурет: Fightnews.info
Орта салмақта IBF және IBO титулдарына ие Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) бапкері Джонатан Бэнкс iFL TV арнасына берген сұхбатында қазақстандық боксшының украиналық Сергей Деревянченкоға (13-2, 10 КО) қарсы жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді.

"Адамдар "жепе-жекті жасайтын стиль" дейді, бірақ, ешкім Головкин мен Деревянченко стильдері туралы ештеңе айтпайды. Маған бірінші рет осы кездесуді ұсынғанда, бірден ұнатпадым - бұл туралы баспасөз мәслихатында ашық айтқанмын. Бұл Уорд - Гатти жекпе-жегіндей болатынын ескерттім. Өйткені "жекпе-жекті стиль жасайды" дегенде қандай стильдер сайысқа түсіп, жекпе-жек қандай болып шығатынын түсіне білу қажет.

Жаттығу лагерінде Головкинге Деревянченкомен кездесу қанды айқас болатынын айтумен болдым. Менде таңдау болса, Деметриус Андрадені немесе сол сияқты біреуді таңдар едім. Стильдер айқасы жағынан осы тамаша болады. Бірақ Деревянченкомен жекпе-жек жанкүйерлер үшін жақсы болды - олар бір-бірінен сау тамтық қалдырмады. Осылай болатынын білдім және Геннадийді толық 12 раундқа дайындадым", - дейді Бэнкс.