Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлына (10-0, 6 КО) мексикалық Хайме Мунгиямен (37-0, 30 КО) жекпе-жекке дайыдық жоспары "жасалып қойды". Бұрынғы кәсіпқой боксшы Виталий Демьяненко Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Жәнібек мексикалықты қалай жеңе алатынын айтты.
28 жастағы Әлімханұлы мен бірінші орта салмақта чемпион болған Мунгия арасындағы айқас жыл соңына дейін ұйымдастырылуы ықтимал.
- Мунгия, ол ірі. Мен оның 69 келіге дейін салмақ қуғанын көргенмін. Мұны істеу үшін қиналғаны байқалып-ақ тұрды. Егер Жәнібек салмақ лимитін орындаса, жақсы физикалық дайындық керек. Мунгия бірбеткей боксшы. Жәнібек оның осал тұстарын таба алады: әуесқойдағыдай аяқпен жұмыс істеп шаршатып, ауыр соққылар жасаса, мексикалықты да жеңуге болады. Оның әуесқойда үлкен тәжірибесі бар. Ол мұндайға дайын деп ойлаймын.
- Қазір мексикалыққа оншалықты салмақ қуып керегі жоқ қой, енді ол орта дивизионда жүр.
- Иә, бірақ, бапкерлер Жәнібекке дұрыс кеңестер берсе, ол жеңеді. Бастысы жақсы физикалық дайындық. Мәселен тауға барып, таспен жаттығып дегендей. Мен кезінде солай жаттықанмын. Менің әкем, Виктор Леонидович ауыр жұмыс жасататын. Өзі де солай жаттыққан.
Олар әуесқойда жұдырықтасқанда, дап-дайын кәсіпқойлар сияқты болатын. Олар ауыр еңбектенетін... Мәселен, КСРО-АҚШ матчі өтеді, бір айдан кейін - екіншісі. Мен одан қалай жұдырықтасасыздар деп сұрайтынмын, ол болса, үйреніп қалғандарын айтатын. Бізде осы дәстүрлер сақталған. Ал Жәнібек үлкен айқастарға дайын екенін тағы бір көрсетті.