"Біраз бұлшық ет тастадым". Альварес Головкинмен айқасқа дайындығын айтты

15 қыркүйек 2022 08:09
©twitter.com/DAZNBoxing

Суперорта салмақта әлемнің абсолют чемпионы Сауль "Канело" Альварес қазақстандық Геннадйи Головкинмен айқастан не күтетінін айтты, деп хабарлайды Sports.ru

"Бұл айқастағы менің басты мақсатым - нокаут жасау. Дегенмен нокаут болса болды, болмаса - онда 12 раунд айқасамын. 

Қателіктерімді қайталамауға тырысамын, боксты әлі де сүйемін. Біраз бұлшық ет тастауға тура келді, бірақ, екінші орта салмақта өзімді жайлы сезінемін. 

Головкин әлі де сол күйі: ол күшті, соққы көтере алады және өте ауыр ұрады", - дейді мексикалық боксшы. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport