Суперорта салмақта әлемнің абсолют чемпионы Сауль "Канело" Альварес қазақстандық Геннадйи Головкинмен айқастан не күтетінін айтты, деп хабарлайды Sports.ru.
"Бұл айқастағы менің басты мақсатым - нокаут жасау. Дегенмен нокаут болса болды, болмаса - онда 12 раунд айқасамын.
Қателіктерімді қайталамауға тырысамын, боксты әлі де сүйемін. Біраз бұлшық ет тастауға тура келді, бірақ, екінші орта салмақта өзімді жайлы сезінемін.
Головкин әлі де сол күйі: ол күшті, соққы көтере алады және өте ауыр ұрады", - дейді мексикалық боксшы.