Шри-Ланканың Коломбо қаласында өтіп жатқан 22 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстанның бокс құрамасы өз өнерін жалғастыруда, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақ боксшылар қарсыластарын таза жеңіп жатыр
Суперауыр салмақта өнер көрсеткен қазақстандық Ерсұлтан Сапар вьетнамдық Доан Нгок Минь Хьеуды жеңіп, келесі кезеңге өтті.
Ал Азатбек Жолдасхан ауыр салмақта пәкістандық Абдулла Мужахидті нокаутқа түсірді.
Тағы бір отандасымыз Ибрагим Бетаев 86 келіге дейінгі салмақта Ауғанстан боксшысы Мохаммад Мобазер Катиден басым түсті.
19 мамырда турнир қатысушыларына демалыс күні беріледі.
Жартылай финалдық жекпе-жектер 20 және 21 мамырда өтеді. Финалд 22 және 23 мамырға жоспарланған. Турнирдің жабылу салтанаты 24 мамырда өтеді.
Жарнама