Бокс
18 сәуір 2022 09:27

Бір ұрып талдырды. 22 жастағы боксшы экс чемпионды бірінші раундта сұлатты

©Captura

Жеңіл салмақтағы мексикалық проспект Хосе Валенсуэла (12-0, 8 КО) әлемнің бұрынғы чемпионы Франсиско "Бандит" Варгасты (27-4-2, 19 КО) ауыр нокаутқа түсірді.

Арлингтондағы AT&T Stadium аренасында өткен айқас бірінші раундта аяқталды. Валенсуэла сол жақтан ұрған хук қарсыласының жағына дәл тиіп, ол есінен танып қалды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport