Бокс
Бүгін 14:52

Бір ұрып айналдырып түсірді. IBF-тің іріктеу айқасы бір-ақ минутта ауыр нокаутпен бітті

© Instagram @miel.fajardo.9. Imagen: 1/1

Филиппиндік боксшы Миэлю Фахардо (14-3-2, 12 КО) аса жеңіл салмақта IBF белбеуіне міндетті үміткер атану үшін өткен іріктеу жекпе-жегінде аргентиналық Тобиас Рейесті (18-2-1, 16 КО) нокаутпен жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жекпе-жек Аргентинаның Санта-Фе қаласында өтіп, бірінші раундта аяқталды. Айқас небәрі 65 секундқа созылды: осы уақыт ішінде жергілікті фаворит үш рет нокдаунға түсіп, кездесу ауыр нокаутпен бітті.

Айта кетейік, жекпе-жекке дейін IBF рейтингінде үшінші орында тұрған Рейес бұған дейін де элиминатор кездесуде жеңілген болатын - 2024 жылы ол Феликс Альварадоға төрешілердің бөлек шешімімен есе жіберген. Кейін 2025 жылы екі жеңіске қол жеткізген еді.

Ал Фахардо бір жыл ішінде рейтингте 13-орыннан 4-орынға көтеріліп, енді аса жеңіл салмақтағы IBF чемпионы Масамичи Ябукиге қарсы міндетті қарсылас атанды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport