Қазақстандық боксшы Оразбек Асылқұлов Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Vesti.kz.
60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде оның қарсыласы Өзбекстан боксшысы Абдирахмон Махмуджонов болды.
Үш раундқа созылған тартысты жекпе-жекте төрешілер 3:2 есебімен жеңісті Асылқұловқа берді.
Осылайша, қазақстандық боксшы финалға жолдама алып, кемінде күміс жүлдеге жетіп отыр. Ал Махмуджонов жарысты қола жүлдемен аяқтады.