Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 финалында Қазақстан құрамасының боксшысы Серік Теміржановтың жасаған нокаутына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Еске сала кетейік, осы түнде 60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін 27 жастағы қазақстандық турнирдегі екінші жекпе-жегін өткізді. Теміржановтың қарсыласы Замбиядан келген Эндрю Чилата болды. Бұл айқас екінші раундта аяқталды, Серік қарсыласын бауырынан өткір соққымен құлатып тастады.
"Қазақстандық Серік Теміржанов денеге жасалған қуатты соққымен қарсыласын сұлатып түсіріп, Замбиядан келген алтыншы нөмірлі Эндрю Чилатаға қарсы өткен жекпе-жекте мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Теміржанов жеңіл салмақтағы ширек финалға өтті", - деп жазады IBA баспасөз қызметі.
Жарнама