Бір соққымен шалқасынан түсірді. Ауыр салмақтағы титулды айқас ауыр нокаутпен бітті

©boxing247.com

Лондонда өткен бокс кешінің басты айқасында ауыр салмақта жеңілмеген екі боксшы бетпе-бет келді - британиялық Дэвид Аделейе (11-0, 10 KO) мен украиналық Дмитрий Безус (10-1, 5 KO), деп хабарлайды  Vesti.kz.

Он раундқа есептелген жекпе-жек екіншісінде аяқталды. Безус шабуыл жасаймын деп қателік жасады. Қасрыласын бұрышқа қыспақ болған сәтте ол ауыр соққы өткізіп алып, шалқасынан түсті. Украиналық боксшы аяғына тұрып, есіне келгенімен төреші жекпе-жекті тоқтату туралы шешім шығарды. 

Осылайша, Аделейе WBO нұсқасы бойынша Еуропа чемпионы атағын жеңіп алды. Ал Безус карьерасында алғаш рет жеңіліп отыр. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport