Жеңіл салмақтағы кубалық проспект Хадиер Эррера (10-0, 8 КО) Дубайда өткен бокс кешінің басты айқасында жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Олимпиаданың екі дүркін чемпионы Анхель Эррера Вердің ұлы филиппиндік Хармонито Дела Торремен (22-5, 14 КО) айқасты. Үшінші раундта Эррера дәл жасаған сол хукпен қарсыласын ұзыннан түсірді.