Бокс
Кеше 12:30

Бір соққымен нокаут! Аса ауыр салмақтағы айқас 15 секундта бітті

©DAZN

Германияның Мангейм қаласында өткен бокс кешінде жергілікті аса ауыр салмақтағы боксшы Виктор Юрк (14-0, 12 KO) колумбиялық Эдвин Кастильомен (13-3, 8 KO) жұдырықтасты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Сегіз раундқа жоспарланған кездесу небәрі 15 секундта аяқталды. Неміс боксшысының алғашқы шабуылы-ақ шешуші сәтке айналды. Юрк қарсыласын сол жақтан ұрған хукпен құлатты. Эдвин Кастильо орнынан тұра алмай, төреші жекпе-жекті тоқтату туралы шешім қабылдады.

Бұл жеңіс Виктор Юрк үшін мерзімінен бұрын аяқталған алтыншы жекпе-жек болды. Соңғы рет неміс боксшысының толық жекпе-жек айқасқаны 2024 болыпты. Ал Эдвин Кастильо қатарынан екінші рет нокаутпен жеңіліп отыр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport