Бокс
21 мамыр 2021 10:02

Бір соққымен. Жеңілмеген қазақстандық кәсіпқой 18 қарсыласын сұлатқан боксшыны нокаутқа түсірді

Сурет: instagram.com/__pavlov_e__/

Жартылай жеңіл салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Евгений Павлов (4-0, 3КО) кәсіпқойдағы жеңіс сериясын жалғастырды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Новосибирскте өткен Boxing Night 5 бокс кешінде ол 29 жастағы Танзаниялық Насибу Рамадханиді (31-17-2, 18 КО) беінші раундта сұлатты. Жекпе-жек алты раундқа есептелген болатын. 

21 жастағы Павлов кәсіпқойға былтыр шілдедед ауысқан. Петропавловск тумасы әуесқойда бокстан және кикбоксингтен Қазақстанның спорт шебері, Бекзат Саттархановты еске алуға арналған халықаралық турнир жеңімпазы және "Король бокса-2019" халықаралық жарысының күміс жүлдегері атанған.