Бокс
Кеше 22:06

Бір соққымен ирелеңдетіп жіберді. Бокс кешінің басты айқасы ауыр нокаутпен бітті

©Fightnews.info

Англияның Манчестер қаласында өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде аса ауыр салмақтағы 21 жастағы британиялық Мозес Итаума (14-0, 12 КО) мен 32 жастағы америкалық Джермейн Франклин (24-3, 15 КО) кездесті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жекпе-жек он раундқа жоспарланғанымен, бесінші раундта аяқталды. Итаума қарсыласынауыр нокаутқа түсіріп, мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Жеңіліп көрмеген британиялық үшін бұл кәсіпқойдағы 14-ші жеңіс және оның 12-сін мерзімінен бұрын аяқтады. Ал Франклин 24 жеңісінен бөлек үшінші жеңілісіне ұшырап, карьерасында алғаш рет нокаутпен жеңілді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport