Англияның Манчестер қаласында өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде аса ауыр салмақтағы 21 жастағы британиялық Мозес Итаума (14-0, 12 КО) мен 32 жастағы америкалық Джермейн Франклин (24-3, 15 КО) кездесті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жекпе-жек он раундқа жоспарланғанымен, бесінші раундта аяқталды. Итаума қарсыласынауыр нокаутқа түсіріп, мерзімінен бұрын жеңіске жетті.
Жеңіліп көрмеген британиялық үшін бұл кәсіпқойдағы 14-ші жеңіс және оның 12-сін мерзімінен бұрын аяқтады. Ал Франклин 24 жеңісінен бөлек үшінші жеңілісіне ұшырап, карьерасында алғаш рет нокаутпен жеңілді.
A CHILLING ITAUMA KO ENDS IT! ?#ItaumaFranklin▪️ pic.twitter.com/KGsbqLtq2I
— DAZN Boxing (@DAZNBoxing) March 28, 2026
Жарнама