Бірінші орта салмақтағы британиялық боксшы Уильям Кролла (7-0, 6 КО) өз отанында өткен бокс кешінде жарқын жеңіске жетіп, белгілі промоутер Эдди Хирннен мақтау сөзін естіді, деп жазады Vesti.kz.
Кролл испаниялық Аюб Закаримен (5-8-1) алты раундтық айқасқа шыққан, алайда, британиялық боксшы қарсыласын бірінші раундта-ақ нокатуқа түсірді.
Жеңіліп көрмеген Кролл үшін бұл жетінші жеңіс және нокаутпен алтыншысы. Закари болса, сегізінші рет жеңіліп отыр, сонымен бірге, ол карьерасында бес рет жеңіп, бір мәрте тең түсіпті.
Жекпе-жектен кейін промоутер Уильямды қазақстандық Геннадий Головкинге (42-2-1, 37 КО) теңеп, оны "Манчестерлік Головкин" деп атады.