Америкалық бокс аңызы Майк Тайсон белгілі блогер Джейк Полға қарсы жекпе-жекке дайындалып жатыр.
Желіде Майк Тайсонның спарринг серігін сол жақ хукпен отырғызып тастаған видео тарады. Бұл жағдайды оның бапкері Рафаэль Кордейро бақылап тұрды:
Тайсон - Пол жекпе-жегі 15 қараша Арлингтонда өтеді. Бастапқыда бұл айқас 21 шілдеде өту керек еді, алайда 58 жастағы Тайсон ұшақта өзін жайсыз сезініп, жекпе-жек кейінге қалды.