Кеше, Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан 19 және 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатының бесінші жарыс күнінде Қазақстан құрамасының алты боксшы қызы шаршы алаңға шықты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Олардың барлығы U-19 жас санатында өнер көрсетті. Алты спортшының екеуі ғана жартылай финалға жолдама алып, кемі қола жүлдеге жетіп отыр. Ал ширек финалда қазақстандықтардың басты тосқауылы Үндістан боксшылары болды.
Жартылай финалға өткен боксшылар
Мәдира Жұмқан (48 кг) ширек финалдағы жекпе-жегін мерзімінен бұрын аяқтап, вьетнамдық Зи Хонг Иен Нгуенді үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.
Ақнұр Тұрсынғали (57 кг) Тайбэй боксшысы Лижун Линді 4:1 есебімен жеңіп, жартылай финалға өтті.
Жарыс жолын аяқтағандар
Қалған төрт қазақстандық боксшы Үндістан спортшыларына есе жіберді:
Жадыра Қалтай (51 кг) – Чандрика Бхореши Пужариге 0:5;
Марал Төлепберген (54 кг) – Джойшири Деви Широмға 0:5;
Жасмин Абрамян (60 кг) – Чахатқа 0:5;
Алтынгүл Аймұхан (75 кг) – Аншикаға 1:4 есебімен жеңілді.
Айта кетейік, 19 және 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы бокстан Азия чемпионаты 3 шілдеде басталып, 16 шілдеде аяқталады.
Жарнама