Бір күнде алты жүлде. Төрт қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутқа түсірді

©ҚБФ

Амманда өтіп жатқан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының жартылай финалына Қазақстан құрамасының тағы алты боксшысы өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

1/4 финалдағы 48 келі салмақта Бексұлтан Боранбек кувейттік Джабер Алотаибиді, ал Айдар Қадырхан (52) сириялық Альхасан Кадустен басым түтсі.

Тағы төрт қазақстандық - Бек Жолдасбек (50), Сұлтан-Бейбарыс Абылаев (54), Төрехан Сабырхан (57) және Алексей Хаванцев (60) техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Осылайша, алты боксшымыз кемі қола жүлдеге ілініп отыр.

Қазақстан командасынан Темірлан Кемерхан (46) жартылай финалға жолдама үшін айқаста қырғызстандық Зафарбек Камиловке есе жіберді.

Қазақ боксшы Азия чемпионатында қарсыласын бірінші раундта есінен тандырды

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport