Бокс
3 наурыз 13:35
 

Бір қарсыласын өлтірген нокаутшы 30 жеңісі бар мексикалықты құлатты

  Пікірлер

blog.share

Бір қарсыласын өлтірген нокаутшы 30 жеңісі бар мексикалықты құлатты ©Boxing News

Пуэрто-Рикода өткен бокс кешінде жергілікті жұлдыз Сабриэль Матиас (22-2, 22 КО) мексикалық Габриэль Валенсуэлмен (30-4-1, 17 КО) жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Пуэрто-Рикода өткен бокс кешінде жергілікті жұлдыз Сабриэль Матиас (22-2, 22 КО) мексикалық Габриэль Валенсуэлмен (30-4-1, 17 КО) жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

12 раундқа есептелген жекпе-жек сегізіншісінде аяқталды: Матиас қарсыласын ұрып құлатқанда төреші бірден нокдаун есептей бастады да, артынша жекпе-жекті тоқтатып тастады. 

Жеңісінің бәрі нокаутпен, тіпті бір мәрте қарсыласын өлтіріп алған

Осылай Матиас 22-жеңісіне жетіп отыр және бәрі нокаутпен, сонымен қоса, ол карьерасында екі рет жеңілген. Ал 30 жеңіске жеткен Валенсуэла төртінші рет жеңілді, сондай-ақ, ол бір қарсыласымен тең түскен. 

Айта кетейік, 2019 жылы Матиас ресейлік Максим Дадашевпен жұдырықтасып, жекпе-жектен кейін дәрігерлер аураухаға алып кеткен Дадашев бірнеше күннен кейін көз жұмған еді. 

Әйгілі промоутер "Канело" үшін ең қауіпті қазақ боксшыны атады

Матиас қазақстандық бокс сүйер қауымға 2021 жылы Батыр Жүкембаевпен (23-1, 17 КО) жекпе-жектен жақсы таныс. Ол кезде пуэрториколық нокаутшы Батырды сегізінші раундта тоқтатқан болатын

Ал Батыр кейінгі рет былтыр мамырда жұдырықтасып, украиналық Иван Редкачты (24-8-1, 19 КО) техникалық нокаутпен жеңді. Жүкембаев келесі жекпе-жегін 5 сәуір Астанада өткізеді, қарсыласы британиялық Кейн Гарднер (17-4, 7 КО). 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!