auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Бір қадам шегінбейм, артымда елім - Қазақстаным тұр". Нокаутшы Жүкембаев АҚШ-та жұдырықтасу жоспары жайлы

Боксшы Америка нарығына асықпайтынын айтады.

"Бір қадам шегінбейм, артымда елім - Қазақстаным тұр". Нокаутшы Жүкембаев АҚШ-та жұдырықтасу жоспары жайлы
© facebook.com/eottmboxing/
Бірінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (15-0, 12 КО) Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында алдағы жоспарлары туралы айтып берді. 

Наурызда Жүкембев мексикалық Хилберто Месамен (10-6-1, 6 КО) он раундты жекпе-жек өткізіп, төрешілер шешімімен жеңген. 

- Соңғы сәтте қарсыласыңыз ауысып кетті. Жұдырықтасуыңызға қалай әсер етті?

- Қарсыластың дәл жекпе-жек алдында ауысуы жақсы емес. Дегенмен кез келген деңгейдегі айқасқа дайын болып шықтым. Ең мықты қарсылас емес, бірақ өте тәжірибелі. Оны промоутер мен матчмейкеріміз тапты. Біз тек келісеміз. Хименесте визамен қиындықтар болды, бұл бізге қатысты емес. Түрлі жағдай болады, бәріне дайын жүру керек. Әрбір жекпе-жек менің басты мақсатым - әлем чемпиондығына бір қадам. Кері шегіне алмаймын. Артымда елім - Қазақстаным тұр. Үлкен жауапкершілікті сезінемін. Туымызды көтеріп тұрып, ел намысын қорғау қасиетті іс екенін түсінесің. 

- Жекпе-жегіңді АҚШ промоутерлері тамашалайды деген хабар болды?

- Соңғысына америкалық промоутер тікелей өзі қатыспады, бірақ, келіссөздер жүргізіп жатырмыз. АҚШ аумағында кездесу өткізгіміз келеді. Аз қалды. Шыдамдылық таныту керек. АҚШ нарығында әсерлі пайда болғым келеді. Қолымнан келеді деген ойдамын. Рекордын 30 жеңіске дейін жеткізген боксшылар болды. Америкада ондайлар көп. Головкиннің өзі АҚШ-та алғаш 24-ші жекпе-жегінде жұдырықтасты. Келіссөздерді оңды жүргізу маңызды. Осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз. 

- Келесі қарсылас пен жекпе-жек туралы не айта аласыз?

- 17 мамырға белгіленген. Бұл жолғы қарсылас мықты. Промоутерім жанкүйерлерге үлкен шоу уәде еткен. Бұл мені қуантып отыр.

- Промоутермен арада алауыздықтар бар деген сөздер айтылып жүр?

- Арада ондай ештеңе жоқ. Ресми түрде мәлім етемін - бізде бәрі дұрыс. Промоутерлік компаниям ісімді жүргізіп жатыр. Мен осы командадамын. Ары қарай жаттығып жатырмын, үлкен жекпе-жектер мен чемпиондық белбеуді қалаймын. 

Мұның алдында қазақстандық боксшының менеджері Анна Рева биылдан қалмай америкалық нарыққа шығу жоспары туралы мәлімдеген. Жүкембаев Eye of the Tiger компаниясы келісімшартта.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар