Бірнеше танымал бокс туралы жазатын БАҚ-та жұмыс істейтін америкалық сарапшы және шолушы Дэн Рафаэль орта салмақта өнер көрсететін Жәнібек Әлімханұлының (10-0, 6 КО) Роб Брантты (26-3, 18 КО) мерзімінен бұрын жеңген кездесуі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
АҚШ-тың Невада штатында орналасқан Лас-Вегас қаласында өткен бокс кешінде Жәнібек өзінің кәсіби мансабындағы оныншы жекпе-жегін өткізіп, оныншы рет қатарынан жеңімпаз атанып отыр.
"Әлімханұлы Брантты техникалық нокаутпен сегізінші раундта жеңді. Толығымен бір жақты жекпе-жек. БоМактың сегізінші раундтан кейін кездесуді тоқтату туралы шешімі дұрыс болды", - деп жазды Рафаэль өзінің твиттер парақшасында.