Бірі Головкинмен қарымтада болған. "Канело" - Сондерс жекпе-жегінің төрешілері белгіленді

Сурет: Boxing News

Мексикалық Сауль "Канело" Альварес (55-1-2, 37 КО) пен британиялық Билли Джо Сондерс (30-0, 14 КО) арасындағы жекпе-жекте қызмет ететін төрешілер анықталды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Boxingscene.com мәліметінше, шоуда қызмет ету невадалық Тим Читем, калифорниялық Макс Де Лук және кентукилік Гленн Фельдманға тапсырылды. Ал техастық Марк Кало-ой рингте төреші болады. 

Фельдман - Альварес жекпе-жектерінде бұрын жұмыс істеген жалғыз төреші. Атап айтқанда, 2018 жылы ол Головкинмен қарымтада (114-114) тең есеп көрсеткен. Ол айқаста Головкин карьерасында алғаш рет жеңілген еді. Ал Дэйв Моретти мен Стив Вайсфельд 115-113 есебімен жеңісті "Канелоға" берген.

Еске салайық, "Канело" мен Сондерс кездесуі 8 мамыр Арлингтондағы AT&T Stadium аренасында өтеді.