Қазақстандық боксшы Аяжан Ермек Бангкок (Таиланд) қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы жастар арасындағы Азия чемпионатында (U-19) ширек финалдық айқасын өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
57 келіге дейінгі салмақтаоның қарсыласы таиландтық Чавалук Соннум болды. Жекпе-жектің алғашқы минуттарынан бастап ринг иесі алға ұмтылып, қуатты соққылар жасады. Бірақ қорғануды ұмытып кеткен қарсыласын Аяэан дәл соққымен есеңгіретіп тастады. Осылайша, алғашқы раунд айқын басымдықпен Аяжанның пайдасына шешілді.
Екінші үш минуттық кезеңде де барлық төреші жеңісті қазақстандық боксшыға берді. Жеңіске жету үшін Чавалукқа үшінші раундта тек нокаут қажет болды, алайда, керісінеш өзі тағы екі рет нокдаунға түсіп қалды.
Осылайша, Аяжан Ермек жартылай финалға өтіп, Азия чемпионатының қола жүлдесіне ілігіп отыр.
Жарнама