Zuffa Boxing промоушені асау ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Иван Дычконың (15-1, 14 KO) алдағы жекпе-жегін ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Дычко 6 маусым күні Англияның Борнмут қаласында өтетін Zuffa Boxing 07 турнирі аясында рингке шығады. Оның қарсыласы – жергілікті боксшы Харви Дайкс (7-0-1, 0 KO).
"Бойшаң әрі қуатты. Иван Дычко осы сенбіде Zuffa Boxing 07 турнирінің алдын ала кардында рингке оралады", – делінген промоушен хабарламасында.
Айта кетейік, Zuffa Boxing – UFC президенті Дана Уайт пен саудиялық инвестор Турки Әл аш-Шейх бірлесіп құрған жоба. Бұл лигада Иван Дычкодан бөлек тағы бір қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов те өнер көрсетеді.
Бұған дейін британиялық боксшы Энтони Фаулер спарринг кезінде Иван Дычко бұрынғы әлем чемпионы Энтони Джошуаны нокдаунға түсіргенін айтқан болатын.
Сондай-ақ, боксшылар 2012 жылғы Лондон Олимпиадасында кездескен. Ол кезде жартылай финалда Иван Дычко Энтони Джошуадан жеңіліп қалған еді.