1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Бокс
Кеше 09:05
 

Boxam Elite: қазақстандық боксшы үндістандықтан ойсырай жеңілді

  Пікірлер

blog.share

Boxam Elite: қазақстандық боксшы үндістандықтан ойсырай жеңілді ©Depositphotos/EvrenKalinbacak

Қазақстандық боксшы Азиза Исина Испанияда өтіп жатқан беделді Boxam Elite турнирінде алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстандық боксшы Азиза Исина Испанияда өтіп жатқан беделді Boxam Elite турнирінде алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде оның қарсыласы Үндістан боксшысы Чордари Андуиати болды. Алғашқы раундта екі боксшы да белсенді қимылдап, өзара соққы алмасуға барды. Дегенмен төрешілердің хаттамасында үндістандық спортшы басым болып шықты - 5:0.

Екінші раундта Азиза Исина шабуылды үдете түсті, қарсыласына қысым көрсетуге тырысты. Алайда Андуиати қарсы шабуылдарда сауатты әрекет етіп, бұл үш минуттықта да толық басымдық танытты - 5:0. Үшінші раунд та дәл осылай аяқталды.

Осылайша, Азиза Исина Boxam Elite турниріндегі өнерін алғашқы кезеңде аяқтады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!