"Бөлшектеп тастады". Олимпиада чемпионы Голвокин - Альварес трилогиясында кім жеңетінін айтты
Ресейлік боксшы Егор Мехонцев қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес жекпе-жегіне болжамын айтты, деп хабарлайды "Чемпионат".
Ресейлік боксшы Егор Мехонцев қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес жекпе-жегіне болжамын айтты, деп хабарлайды "Чемпионат".
"Геннадий Головкинге жанкүйер боламын, бұған дейінгі айқастары даулы боды. "Канело" жуырда ғана барлық елдің көзінше оңбай таяқ жеді, жақсылап сыбағасын алды. Оның психикасы қалай жұмыс істейтінін білмеймін, бірақ, мұндайдан кейін адам құлазып қалады.
Адамдар әртүрлі - сәтсіздік оның жиналыуына себеп болуы да мүмкін. Бірақ Головкин жеңеді деп ойлаймын. Бұған дейін Бивол оны бөлшектеп тастады", - дейді Мехонцев.
Айта кетейік, 2012 жылғы Олимпиада финалында Мехонцев қазақстандық Әділбек Ниязымбетовпен тең түскен - 15:15 (3:4 5:4 7:7 раундтар бойынша). Алайда төрешілер жеңісті ресейлікке береді. Осылайша, Лондон ойындарында ол Ресейдің ерлер құрамасынан алтын алған жалғыз боксшы атанды.
Жарнама