Бокс
19 тамыз 2019 10:22

Болашақ әлем чемпионы және супержұлдыз - Әлімханұлының бапкері нокаутпен жеңіс жайлы

© instagram.com/janibek_alimkhanuly
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының (7-0, 3 КО) бапкері Джеймс Бадди МакГирт оның канадалық Стюарт МакЛелланмен (27-4-3, 11 КО) жекпе-жегіне риза болғанын айтады.

Кездесу Лос-Анджелестегі Banc of California стадионында өтті. Әлімханұлы екінші раундта қарсыласын нокдаунға түсірді. Бесінші раундта канадалық тағы бір рет есінен танды, алайда орнынан тұрып кездесуді жалғастырды. Әлімханұлы ауыр соққыларын дарытып, мерзімінен бұрын аяқтауға тырысты, рефериде кездесуді тоқтатты.

"Болашақ әлем чемпионы және супержұлдыз - Жәнібек бесінші раундта нокаутпен жеңді", - деп жазыпты МакГирт Instagram желісінде.



Осылайша, Әлімханұлы екінші деңгейлі WBO Global және құрлықтық WBC Continental Americas белбеулерін алғаш рет қорғады. Бұл титулдарды қазақстандық боксшы сәуірде мексикалық Кристиан Оливасты жеңіп, тартып алған еді.

26 жастағы Әлімханұлы жеті жекпе-жегінің барлығында жеңіске жетті (үш нокаут), ал 32 жастағы МакЛеллан осымен төртінші рет жеңілді. Сондай-ақ, оның есебінде 27 жеңіс және үш тең жекпе-жек бар. Қазақстандық боксшы АҚШ-та бесінші рет жұдырықтасты, ал канадалық бұл елде бірінші рет өнер көрсетті.

МакЛеллан жекпе-жек алдында Әлімханұлын Борат стилінде киіндіріп, арандатушылққа барған еді. алайда кейін канадалық қазақстандықтар алдында кешірім сұрап, бүкіл елді емес, қарсыласын ғана мазақ қылғысы келгенін айтқан.